БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауы  Түркістан облысы,Түркістан қаласы, Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Нұр-Айым-2» бөбекжай балабақшасы
2Білім беру ұйымының орналасқан жері(заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен-жайы)Қазақстан Республикасы,161200,Түркістан облысы,Түркістан қаласы, Құлыншақ ақын көшесі, №134 үй
3Заңды тұлғаның байланыс деректері(телефон,электрондық пошта,вебсайт)Ұялы телефоны:+77025022972 Электрондық поштасы: ds.nurajym@bk.ru Веб сайты: https://nur-aiym2-bb.edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері(басшының Т.А.Ә,лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Сатанбай Бибінұр Баянқызы «Нұр Айым-2» бөбекжай-балабақшасы ЖШС меңгерушісінің шешімі бойынша 2020 жылдың 01 қазан күні №1 ж/қ бұйрықпен тағайындалсын.  
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары(жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың /куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден  01 қазан  2020 жылы берілген   БИН:201040001478
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон )Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғандығы туралы талон 2021 жылғы 11 қазан № KZ53RVK00036490
7Құрылған жылы2020 жыл
8Типтік ғимаратБір қабатты I ғимарат,екі  қабатты I  ғимарат
9Топтар саны9
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:I ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеттің ұзақтығы-минутпенКіші топ-күні Орта топ-күні бойы Ересек топ-күні бойы МАД тобы-күні бойы
14МДҰ-ның жобалық әлеуеті-Балабақша орны  220 балаға арналған  
   

     Балабақша ғимараты бір қабатты I ғимаратты және екі қабатты I ғимаратты типтік жобада заман талабына сай салынған.Балабақша 220 орындық, 9 топ жұмыс жасайды.Әр топ 25 балаға лайықталған, бөбекжай топ 20 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күн жұмыс істейді,таңғы 8.00-бастап,кешкі сағат 18.30-ға дейінгі уақыт аралығында.

Кіші топ: «Ботақан»

Ортаңғы топ: «Балақай»,«Балапан», «Қарлығаш», «Балдырған»

Ересек топ: « Балдаурен», «Күншуақ», «Бәйтерек»

МАД: «Ақ көгершін»

Тәрбиеленушілер мемлекеттік қазақ тілінде тәрбиеленеді.

Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын,ойнайтын,тамақтанатын,жуынып-шайынатын бөлмелері бар.Бұдан басқа әдіскер кабинеті,психолог кабинеті,логопед кабинеті,мед кабинет,асхана,қойма,кір жуу,күзет блогы, тұзды бөлмесі бар.Материалдық техникалық базасы стандартқа сай жасалған.Жылу жүйесі,кәріз жүйелері автономды.Су орталықтандырылған.Балабақша өрт-дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің ,оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.Күзет агенттігімен келісім-шартқа отырған.

  Балабақша ауласы көгалдандырылған,ағаштар мен гүлдер отырғызылған.Ауладағы ойын алаңында әр топтың ауласы бөлек,балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған.Сонымен қатар,әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын алаңдары мен күркелері қойылған.Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын,ойын құралдарымен жабдықталған алаңы бар. Ата-аналар үшін топта « Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген.Әр топта «Денсаулық» , «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде « Ұлттық бұрыш» , «Ойыншықтар сөресі»  «Кітаптар сөресі» , «Табиғат бұрышы» ,дамытушы дағдылар бойынша орталықтар жасақталған.